Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

18.11.2020ж Шымкент қаласының «Самал» әмбебап базарында радио дәріс өтті.

1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Шымкент қаласы ДСБ «ЖИТС-тің   алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының» эпидемиолог дәрігері Н.Жапарованың және эпидемиолог көмекшісі С.Рысқұлбекованың қатысуымен «Самал» әмбебап базарында радио дәріс оқылды және ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

 

Мақала авторы: Профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері Н.Жапарова.

17.11.2020 жылы Шымкент қаласының «Жастар денсаулық орталығында»  « Ашық есік күні»  өткізілді.

 

Шымкент қаласының Жастар денсаулық орталығында  «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарының қатысуымен         1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында «Ашық есік күні»           өткізілді.Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай барлық қауіпсіздік (әлеуметтік қашықтық, бетперде, санитайзер, залалсыздандыру құралдары) шаралары сақтала отырып өткізілді.Науқан өткізу барысында 18-22 жас аралығындағы жастар қамтылды. Дәрігер эпидемиолог У.Байдилдаева АИТВ-инфекциясының алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәрігер эпидемиолог Н.Жапарова АИТВ-инфекциясының алдын-алу мақсатында ақпараттық, танымдық материалдар таратты. Психолог маман Д.Кутмамбетова жастарға жедел тестке дейін және тесттен кейін психоәлеуметтік кеңес берді.Эпидемиолог көмекшісі С.Рысқұлбекова науқанға қатысқан жастар арасынан ерікті түрде жедел тест алды.

 

 

Мақала авторы: профилактикалық бөлімнің дәрігер эпидемиологы У.Байдилдаева

16.11.2020      Пресс-релиз

2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы

 

          Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – 1 желтоқсанда атап өтіледі.  Алғаш рет осы күнді 1988 жылы ДДҰ жариялады.

2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулықтың теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Осыған байланысты 2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» болды.

Жаһандық ынтымақтастық пен жалпы жауапкершілік бізден денсаулық сақтау саласындағы жаһандық жауаптарға, соның ішінде ЖИТС-қа жауап беру шараларына жаңа көзқарасты талап етеді.

        Шымкент қаласында АИТВ-инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталды.                     2020 жылдың 1 қарашасына дейін өсінді қорытындысымен 2189 жағдай тіркелді. АИТВ-жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі               15-49 жас аралығында – 82,5%. 100 мың халыққа АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша шаққанда Шымкент қаласының көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен және қала республика бойынша 8 орында. АИТВ инфекциясының жұғу жолдарының жаңа жағдайына талдау жасағанда жыныстық қатынас арқылы жолы басымдау екені анықталды – 79,2%, қан арқылы жұғу жолына – 15,0%. АИТВ-жұқтырған ерлердің үлесі 67,5%, ал әйелдер 32,5% құрайды.

Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1305 адам антиретровирустық терапияны қабылдап, олардың 91% вирустық супрессия байқалды. Антиретровирусты терапияның қол жетімділігінің кеңейту  арқасында АИТВ инфекциясынан науқастану және өлім жағдайлары азаюда. АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу АИТВ статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді, АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Жүкті әйелдерде АИТВ жұқпасын уақтылы анықтауға және анадан балаға берілу жолдарын алдын алуға көмегін тигізуде.

         Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес  халықтың осал топтары: 2898 иньекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар, 2031 секс қызметкері, 584 еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, 3391 бас бостандығынан айрылғандар қамтылуда.

 

 

                Бас дәрігер м.а.                                                            К. Маширов

 

 

Орынд. Ахмедова Э.

Тел.: 310939